14.01.2025

✨ Аула клубтары арасында жаңа жылдық безендіру байқауы өз мәресіне жетті! ✨

Педагогтар балалармен бірге үлкен еңбек атқарды — әр клуб шынайы мерекелік атмосфера қалыптастыруға барынша тырысты. Әсем, стильді әрі жарқын болды, ең бастысы — бәрі де жан-тәнімен, командалық рухта жасалды 💫

🎉 Байқау қорытындысы:
🥇 1-орын — «Юность» аулалық клубы
🥈 2-орын — «Лидер» аулалық клубы
🥉 3-орын — «Достық» аулалық клубы

Барлық қатысушыларға шығармашылықтары, еңбектері және сыйлаған жаңа жылдық көңіл күйі үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздер педагогтар мен балалардың бірлескен жұмысы нағыз ғажайып жасай алатынын дәлелдедіңіздер 🎁🎨

📸 Байқаудың жарқын сәттерімен бөлісеміз — карусельді қараңыздар!

14.01.2025

«Ұлттық рух - ұлттық ойындарда»

08.01.2026 ж. балалар клубтары арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұлттық ойындар бойынша «Ұлттық рух - ұлттық ойындарда» атты спорттық фестиваль өткізілді. Фестиваль бағдарламасына садақ ату, бес асық, тоғызқұмалақ және асық ату ұлттық ойындары енгізілді.

Жарысқа балалар клубтарынан 4 команда қатысып, жалпы 16 қатысушы бақ сынады. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және ұлттық дәстүрге деген құрметті көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын және кубок — «Юность» балалар клубының командасы
🥈 ІІ орын — «Сұңқар» командасы
🥉 ІІІ орын — «Достық» командасы

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Осындай іс-шаралар ұлттық ойындарды дамытуға және жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосады.

04.04.2025

29.03.2025

Балалар қауіпсіздігі, кадрлық әлеует және инфрақұрылым

Балалар қауіпсіздігі, кадрлық әлеует және инфрақұрылым: Ғани Бейсембаев өңірлік білім басшыларына жүктелетін негізгі міндеттерді атады. Оқу-ағарту министрі мемлекет педагогтерге қолдауды жүйелі түрде арттырып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы» Заң – мұғалімге ұлттың стратегиялық ресурсы ретінде қарайтын жаңа көзқарастың қалыптасуының негізі болды. Педагогтерді аттестациялау тәсілі қайта қаралып, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау, қызметіне жатпайтын міндеттерден босату, сондай-ақ оқушыларға тәрбие мен білім беруде жетістікке жеткен үздік ұстаздарды ынталандыру бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде сапалы жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдар міндетті болып табылады.

«Мемлекет басшысы педагогтің ел болашағын қалыптастырудағы рөлін үнемі айтып келеді. Бүгінгі мұғалім – ол қоғамды жаңғыртудағы басты тұлға. Осыған орай, барлық білім басқармалары мен бөлімдері басшыларына «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қатаң сақталуы қажет екенін тағы да ескертемін», – деді министр.

️Сондай-ақ министр «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында жергілікті жерлерде жаңашылдық енгізуге қабілетті жаңа буын басшыларын даярлау жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Мемлекеттік саясаттың сабақтастығы мен нәтижелілігін қамтамасыз ете отырып, кадрлық резервке енген қатысушыларды басқарушылық қызметтерге тағайындау процесін жеделдету тапсырылды.

Жиында жергілікті жерлердегі қаржылық тәртіп мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Екі жыл бұрын министрлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен бірлесіп, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмысқа бастамашылық еткен болатын. Жол картасының шеңберінде 17 миллиард теңге көлеміндегі қаржы мемлекеттік бюджетке қайтарылды.

«Біз ашық және есеп беретін білім беру жүйесін қалыптастырудамыз. Әрбір басшы жоғары моральдық талаптарға сай болуы тиіс. Бұл жұмыстың табысты болуы – жергілікті атқарушы органдардың тиімді қызметіне тікелей байланысты.
Білім беру саласына бөлінген әрбір теңге балалардың игілігіне, олардың болашағына және елдің дамуына жұмсалуы қажет»,
– деді Ғани Бейсембаев.

20.02.2025

Балалар тәрбие - сауықтыру кешеніндегі таланттар байқауы!

Балалар тәрбие - сауықтыру кешеніндегі таланттар байқауы!
Біздің "БТСК" КМҚК аула клубтарының балалары арасында жарқын және қызықты таланттар байқауы өтті! 🌟 Бұл тамаша іс-шараға әр түрлі жанрда өз шеберліктерін көрсеткен 12 талантты бала қатысты.
🌟 Байқау бағдарламасында би, әндер, домбырада да өнер көрсету болды! Әр қатысушы көрермендерге шығармашылық пен өзін-өзі жақсы ұсынуды балалар үшін қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, өзінің ерекше энергиясы мен шабытын сыйлады.
🌟 Біз әр қатысушыны және олардың өнерін мақтан тұтамыз! Мұндай іс-шаралар балалардың дамуына, таланттарын ашуға және сенімді түрде алға жылжуға көмектеседі.
🌟 Барлық қатысушыларға жарқын эмоциялар үшін, сонымен қатар қолдау мен дайындық үшін ата-аналар мен тәрбиешілерге алғыс айтамыз!

10.02.2025

Бұл менің балам!

8 ақпан 2025 жылы КГКП "ДВОК"-те педагог-психолог Исмаилова А.Е. ұйымдастырған "Бұл менің балам!" атты конкурс-ойын бағдарламасы балалар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Барлық қатысушылар үшін қызықты әрі көңілді етті. Ата-аналар мен балалар бірге түрлі тапсырмалар орындап, өзара түсіністік пен қолдау көрсетіп, бір-бірін жаңа қырынан таныды. Ойындар мен шығармашылық тапсырмалар ата-аналарға ерекше ұнады, олар балаларының қабілеттерін ашып, бірге уақыт өткізуге мүмкіндік берді. Бағдарлама көп жағымды әсер қалдырып, балалар мен ата-аналар арасындағы байланысты одан әрі нығайтты.

08.02.2025

Білім министрі Ғани Бейсембаевтың сөзінен